Дөңгелек

lat: Dóńgelek

з а т  е с і м. 1. с ө й л е у. Доңғалақ. Баранов арбаны итеріп апарып суға түсірді де, қалған торы атты соның д ө ң г е л е г і н е мықтап тұрып байлады (Ә.Әбішев, Замана.). Спидометр тілі жүз жиырманы көрсеткенде, машина қайда кетерін білмей, д ө ң г е л е г і жерге бір тиіп, бір тимей, құстай ұшты. (М.Есламғалиев, Екінші.). Төрт д ө ң г е л е к болса менің қолыма бер, бір тракторды өзім жасап шығарамын (С.Адамбеков, Кесе.). Алдымен бір гектардың елуден бір бөлігіне тұқым себу үшін д ө ң г е л е к т і ң қанша рет айналатынын есептеп алады (А.Ажкеев, Қант қызылша.). 2. м а т е м а т и к а л ы қ. Шеңбер. Ежелгі үнді ғалымдары д ө ң г е л е к т і ң ауданы шеңберінің жартысы мен радиусының көбейтіндісіндей болады деп есептеген (М.Исқақов, Математика.). Қожа шөпшек ағашпен жерге д ө ң г е л е к сыза бастады (Б.Соқпақбаев, Менің атым.). Грек философтары әрі математиктері Антифонның Бұл пайымдауын сынап ешбір көпбұрыштың д ө ң г е л е к к е тең болмайтынын, бірақ дөңгелекті көпбұрыштар арқылы кез келген дәлдікпен жуықтауға болатынын дәлелдеп берді (А.Көбесов, Математика.). 3. а у ы с п а л ы   м а ғ ы н а. Қоғамның, өмірдің даму бағыты, беталысы. Тарих д ө ң г е л е г і н ешкім кері кетіре алмайды (М.Ақынжанов, Ыбырай.). Кейбіреу жапалақтай жарбаңдайды, Өзінің әлі келер жерін білмей. Бұл дүние диірмендей бір д ө ң г е л е к, Бұрқырап өте шығар әлек-шәлек. Үмітпен «ханның қызын алармыз деп, әлетін отқа күйіп біз көбелек (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Завод деген единица, үлкен саясаттың бір тетігі. Бір бұранда солғын бұралса, мемлекет д ө ң г е л е г і н і ң жүрісіне ақау түседі (З.Шашкин, Теміртау).