Дөрекілік

lat: Dórekilik

з а т   е с і м. 1. Дөкірлік, оспадарльқ, ұрда-жықтық. Талғаттың бойындағы кейде кездесіп қалатын жауапсыздықтар, д ө р е к іл і к т е р біртіндеп жойыла бастайды (Ш.Әмірәлиев, Жақсы мінез). Жас жігіт үлкеннің ақылын алып, жақсы ісімен көзге түсудің орнына, д ө р е к і л і к мінез көрсетіп, «өзім білемінге» басты (М.Қосшығұлов, Шындық.). Бірде ашуына, бірде жәдігөйлігіне, бірде д ө р е к і л і г і н е басатын Қаратайдың бүгінгі мінезі ауданнан қайтқаннан кейінгі жаңа қыры еді (С.Жүнісов, Өмір ізі). 2. Оғаштық, келіссіздік, ебедейсіздік. Ізбасар кетісімен әркім оның ожар қимылын, орынсыз д ө р е к і л і г і н е салып, ашық күлкіге айналдыратын (Б.Момышұлы, Шығ.). Бейсауат адамдарға болмаса, беймаза үре бермейтін, д ө р е к і л і г і н е н гөрі еркелігі басым осы Жолбарысың өз өмірінде екі рет ұлығанын өз құлағыммен естідім (Ы.Жақаев, Өмір жолдары). 3. Тұрпайылық, анайылық. Д ө р е к і л і к айтқанда жарнамашылар өз дегендеріне жету үшін миды тескілейді де отырады («Егемен Қазақстан»). 4. Бейахлақтық, шектен шыққандық, өрескелдік. Мұның үстіне Нарын болысында өзінің атаабасының жайлау болған Нұрандар әулетінің ата қонысының да д ө р е к і л і к п е н бөліске түскенін өз көзімен көрді («Түркістан»).