Жіберу

lat: Jiberý

Жібер етістігінің қимыл атауы

1.  Жөнелту.

Қалай жіберу ретін білмегендер «Қазақ» басқармасына жіберсе, тиісті орнына тапсырса көп-көп алғыс айтылып, қабыл етіледі (А.Байтұрсынов, Жаңа низам).

Қарасаздың тоғайы сайран бағы,

Сайран бағын неліктен ойрандады?

…Бозқараған гүлін ап, хатқа салып,

Жіберуші ек туысқа майдандағы (М.Мақатаев, Шығ.).

2. Негізгі етістіктегі қимыл- әрекеттің тез, бірден дамуына себепші болу мағынасын береді.

Бұзаулы сиырдың тосыннан- тосын кеп бұзауымен жанасқанда немесе жанасайын деп жатқанда және кейбір сиыр үйге, арбаға сүйкеніп жатқанда, бұзауды сүзіп жатқанда айдап жіберу үшін «әй, өк» деген сөз қолданылады (Ш.Жанәбілов, Қаз. мал атау.). Жем жегізе отырып, сылап-сипау құс пен бапкердің бетпе-бет тілдескен және қолға үйретудің ұтымды сәттеріне жатады. Әрі асау, әрі семіз құсты үйретем, бапқа тез келтірем деп жүріп, тамағын өте азайтып, бірден ашықтырып жіберуге, тез арықтатып жіберуге болмайды (Ж.Бабалықұлы, Қырандар). Егер қоя, мүсәтір, зерде, томыртқа сияқтылар құсқа дұрыс қолданылмаса, құстың бабын мүлдем бұзып жіберуі мүмкін (Ж.Бабалықұлы, Қырандар).