Жігер

lat: Jiger

иран тілі.зат есім. 1. Қажыр, қайрат.

Жігіт болсаң керек саған жеке ерлік.


Жеке ерлікке жігерің де жетерлік.

Аулағырақ болсын сенен қашанда

Алаяқтың бойындағы мекерлік (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Міржақып ауылдағы орыс мектебінің мұғалімі. Оның поэзиясы өз халқын оқу-ағартуға шақырған асқақ үн мен жігерге толы (М.Әбсеметов, Шығ.).

2. Өзін-өзі жеңе алушылық, ынта.


Түзелуге болаттай жігер керек, Сенде ондай жігер бар деп айта алмаймын. Сондықтан саған тиген әйелдің де, Бағы жоқ, сорлы деуге тайсалмаймын (Ж.Аймауытов, Шығ.).

3. Намыс.

Қазағым, надансың,

Өнерден амансың.

Мың салса бір баспас,

Жігер жоқ шабансың (М.Дулатов, Шығ.).

Тәңірі сорлы етсе бенде,

не бітірер құр жылап.

Жігері жоқ, ақылы кенде,

Жамбасыңнан жат сұлап (Абай, Тол. жин.).