З

lat: Z

зат есім. лингвистикалық. 1. Тіл ұшының астыңғы күрек тіске жуысуынан жасалатын дауыссыз дыбыс.

З айтылу орнына қарай тіс (денталь),жасалу жолына қарай ызың (фрикатив), дауыс пен салдыр қатысына қарай ұяң фонема . З дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады .

2. З дауыссыз фонемасының әріптік таңбасы. Қазақ графикасында 312 әріп қоры (164 кіші баспа және жазу, 148 бас баспа және жазу) бар. Оның һ, ң, ь, ъ әріптерінің бас әрпі жоқ. ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и әріптерінің бас әрпі ìен кіші әрпі өзара сәйкес келеді, ал а, б әрпінің баспа бас әрпі мен кіші әрпі екі түрлі. З әрпі [ж] дыбысымен, жуан езуліктермен іргелес келгенде ж болып айтылады.Күдеринова, Қазақ жазуы).