Зақымдау

lat: Zaqymdaý

Зақымда етістігінің қимыл атауы; зақым келтіру.

Өсімдіктің тамырын мүмкіндігінше аз зақымдау үшін оны көшіріп отырғызар алдында топыраққа су құйып, жібіткен жөн . Себебі, салқын әсерінен көздің қасаң қабықшасының буалдырлануы, кейде бактериялардың зақымдауы да мүмкін (айғызбұғақ тұқымдастарда, мысалы, жартайда жиі кездесетін құбылыс).Қайымов, Суасты.). Афония жоғарғы жолына салқын тию, тұмаурату, жұтқыншақ, көмейдің әртүрлі ауруларының дыбыс сіңірін зақымдауы т.б. салдарынан болады (ҚСЭ).