Заманауи

lat: Zamanaýı

с ы н е с і м. Заманға сәйкес, үстемдік етіп отырған заңдылықтарға, орнаған тәртіпке сай. Бұлардың бәрі тек заманауи “бесжылдық жоспарға” байланысты құбылыстар болып қалмастан, сол жоспардың туындысы және соның көріністері болып табылады . Заманауи ғылым әлемдегі сегіз жарым мың (тағы бір деректе он мың) құсты түгел зерттеп болдық дейді. Сенгім келмейді. Заманауи өсімдіктану ғылымы қанша дамыды дегенмен, фитотерапияда бізге беймәлім жайттар әлі көп . Солай СУ-25 СМ жобасы жарық көрді. Мұнда борттық электронды жабдықтар едәуір өзгеріске ұшырады, қару-жарақ кешені дәлдігі жоғары авиациялық жойғыш құралдарымен қамтылды, сонымен қатар ұшқыштың кабинасы да заманауи талаптарға сай жетілдірілді (“Зерде”).