Заңгер

lat: Zańger

з а т е с і м.ем. Jurist> Заң ғылымдарын меңгерген маман. Осы орайда белгілі заңгер М. Нәрікбаевтың: «Діни конфессиялармен күрескеннен гөрі, олардың іс-әрекетін қадағалау керек» дегені көңілге қонатындай» («Жас Алаш»). Осы орайда, менің ойымша, Қазақстан Республикасы Парламенті қос палаталары депутаттардың заң шығарушылық қызметі олардың тиісті кәсіби деңгейінің барлығын дәлелдейді. Халық қалауларының ішінде экономистердің, заңгерлердің, бұрынғы облыс, қала және аудан басшыларының, ірі ғалымдардың, белгілі кәсіпкерлердің саны неғұрлым көп болып отыр, мұның өзі қабылданып жатқан заңдардың сапасына жақсы әсер етеді («Егемен Қазақстан»).