Заңгерлік

lat: Zańgerlik

з а т е с і м. Заңгер мамандығы,заңгер болушылық. Бірақ мұнда да жүйесіздік жетіп артылады. Мысалы, Абай атындағы педуниверситетте заңгерлік, экономикалық және тағы да басқа «мәнді» мамандықтардың қалып қойғаны түсініксіз («Жас Алаш»). Заңгерлік дайындығы, бастықтармен терезесі тең түрде сөйлесуі, қаймықпайтын мінез-құлқы ұнамады («Түркістан»). Кеңес қорытындысы бойынша, Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органға тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, келісімнің аталған аспектісіне заңгерлік сараптама жүргізуді тапсырды («Егемен Қазақстан»).