Заңдылық

lat: Zańdylyq

з а т е с і м. 1. Белгілі бір заң жүйелері, заңдар жиынтығы; заңға сай. Ал құс табиғаты жансызданған соң сол бәледен құтылуға мәжбүрболады да, көп кешікпей-ақ әлгі түбірді табиғи түлеу з а ң д ы л ы ғ ы бойынша ескі қауырсын ретінде түсіріп тастайды. Қыран құс тек ұябасардан шығады деп ұйғарысады. Бұған қарағанда бүркіт ылғи да еркегін алдымен, ұрғашысын соңынан табатындай және ол бір өзгермейтін табиғи за ңд ы л ы қ сияқты айтылады Әрбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген, Ол табиғат з а ң д ы л ы ғ ы, ғылым әлі шешпеген (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. Қағидаға, заң баптарына сай болу; қалыптасқан құбылыс. Адамдар белгілі бір құбылыстардағы байланыстар мәнін түсініп білгеннен кейін, соған сай әрекет жасап, заңдар арқылы танылған з а ң д ы л ы қ т а р д ы өз мүддесіне пайдалана алады . Әлеуметтік құбылыстардағы з а ң д ы л ы қ т а р табиғат құбылыстарындағы заңдылықтарға қарағанда салыстырмалы, тез өзгереді (ҚҰЭ).