Зерде

lat: Zerde

з а т е с і м. Ақыл-ес, сана; зейін. Қысқасы, көгершін бұрап жіберген машина тәрізді бір мақұлық болады. Еркінайратын), з е р д е с і н (рассудок) жоғалтады. Бұдан не қорытынды тумақ? З е р д е, ерік дейтін қызметтер үлкен мидың қызметіне байлаулы деген қорытынды тумақ (Ж.Аймауытов, Шығ.). Асан қайғының дүниетанымы өз заманының ғана емес, келер ұрпақтың да з е р д е с і н е үлгі боларлықтай айшықтарға толы болатын. Соны байқаған хандар мен билер әулеті оған тиісті құрметін де білдіріп отырғаназ. дала. ойшыл.). Сақталмауы мүмкін емес з е р д е ң е, Сен тоғызға келгенде Ұлу жылы, Үкітайдың тойында, Оқ өтпейтін алып батыр жайында... Кешір, әке, балалық па, Зерсіздік пе, Шалалық па, Тек нобайы ғана қапты ойымда (М.Шаханов, Ғасырлар.). Алдын болжап, артын ойлар з е р д е әрбір бойда бола бермейді (С.Бегалин, Шығ.). 2. ф и л о с о ф и я л ы қ. Ойлау қызметінің жоғарғы түрін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық категория. Жаңа заман философиясында, әсіресе, оның таным теориясында пайым мен з е р д е н і ң бірірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған И.Кант (1724 1804) болды (ҚҰЭ).