Зерек

lat: Zerek

с ы н е с і м. 1. Ұғымтал, алғыр, зейінді, аңғарғыш. Киімі оның бір цифр, бір ноль болар, Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек. Қанша санды жазса да осы он цифр, Жететінін байқарсыз, болсаң з е р е к (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бұлардың білімінен кадеттер, әсіресе з е р е к Шоқан көп пайдаланды (М.Дулатов, Шығ.). Жасаңға бітер сандал, бір бәйтерек, Адамға бақыт, дәулет, ақыл керек. Өнерді үйрен-дағы жирен деген, Жігіттер қор болмайсың болсаң з е р е к (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бірке сабаққа з е р е к, мінезі момын, шыншыл жақсы бала еді (С.Көбеев, Орынд. арман). Қор болмас з е р е к адам ақылы бар. Халықтың тентегі мен мақұлы бар. Бос қоймай әйелден де аз сөйлейін, Оның да есірік, есер қапылы бар (Ә. Найманбаев, Шығ.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Құмар, әуес. Жақсылыққа табиғат з е р е к болды, Қос дүлдүлге даналық кезек қонды. Абай қанша Мұхтарға әсер етсе, Мұхтар сонша Абайға керек болды (К.Салықов, Жезкиік). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Алғыр, жүйрік, ұшқыр. Рас, қызым, сөзіңнің жоқ қатесі, Аттың қиқар мінезі бар, деп күрсінді әкесі, Тек бұл бейбақ ат біткеннің з е р е г і, Түскен кезде бәйгелерге жарысқа, Жаралғандай шабу үшін алысқа, Барын салып, терін, қанын төгеді, Бірақ сөзсіз бірінші боп келеді (М.Шаханов, Ғасырлар.).