Зерттеуші

lat: Zertteýshi

з а т е с і м. Ғылыми ізденіс жұмысын жүргізуші, тексеруші. Қазіргі ғылыми з е р т т е уш і л е р д і ң айтуларында Қазақстандашахан” атты сұңқар бар. Бұл 1500-2000 метрден аспайтын адырларды ғана мекен ететін болғаны үшін, оныдала сұңқары” (“пустынный сокол”) деп немесе оның басы сарғылт болуына байланысты “жирен бас” (“рыжеголовый”) деп те атап кеткен (Ж.Бабалықұлы, Қырандар). Қазақ құсбегілерінің бақылауында бүркіт балапаны жұмыртқадан бір жарым ай мөлшерінде жарып шығады деп айтылады. Ал ғылыми з е р т т е у ш і л е р оны 44 күн деп көрсеткен. Мұның өзі құсбегілерінің бақылағыштығының тағы бір дәлелі (Ж.Бабалықұлы, Қырандар). Ол өзінің тамаша ұйымдастырушы, жалынды үгітші, зерделі з е р т т е у ш і екенін танытты (Ж.Арыстанов, Естен кетп.).