Зиялы

lat: Zıaly

з а т е с і м. <лат. intelligens> 1. Оқыған, сауатты азамат, интеллигент. Қазақ з и я л ы л а р ы бұл күнге жетіп бұл туралы не қылды (“Қазақ”). Елуінші жылдардың бас кезінде қазақ з и я л ы л а р ы н а жасалған репрессияның заһары халқымыздың кеудесін басып, намысын мүлде өшіріп тастағандай еді («Қаз. әдеб.»). Омбы қаласында оқыған қазақ з и я л ы л а р ы н ы ң бәрі де, міне, осы дастарқаннан дәм татқан (А.Сатаев, Ақын.). 2. Парасатты, озық. Қадірлі ата, ойың қандай з и я л ы, Сен өзің айтатынсың Жылқының артқы тұяғы Асып түспесе алдыңғы тұяғынан Бағы әсте жанбайды деп, Шығарып тастағайсың қиялыңнан, Ол тұлпар болмайды деп (М.Шаханов, Ғасырлар.).