Зиялылық

lat: Zıalylyq

з а т е с і м. <лат. intelligentis> 1. Адамның жоғары мәдениеттілігінің, ақыл- парасаты мен адамгершілік қасиеттерінің, жиынтығын білдіретін ұғым. З и я л ы л ы қ тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды тарихи тұрғыдан түйсініп,бағалай білуінен, әлемді және ұлттық мәдениет туындыларын талғампаздықпен белсенді игеруінен, бойындағы махаббат, ізгілік және әділеттілік сезімдерінің молдығынан, басқа жанға, жалпы адамзат баласына сүйіспен- шілігінен т.б. қасиеттерінен аңғарылады (ҚҰЭ). Асты да шаң, үсті де шаң шеберханада үй сылаушының киіміндей боп әлеміштенген суретшіден бір з и я л ы л ы қ т ы ң, тереңдіктің лебі еседі («Қаз. әдеб.»). З и я л ы л ы қ адамдарға тән жанашырлық, аяушылық, кейде босаңдық делінетін болса да, олардың күші де осында, ол өзі сөйлеуге ғана емес, басқа адамды тыңдауға және түсінуге қабілеттілікке саяды. Қазіргі қарқыны жедел өмірлік жағдайда бұл қасиет ерекше маңыздыаз. тілі термин. Педагогика). 2. Мәдениеттілік, мәдениетті болушылықлыс жол арып-ашытқан Әбунәсірдің сыртқы кейпі з и я л ы л ы қ т ы ң белгісін білдіріп тұр (О.Бодықов).