Ие

lat: Ie

з а т е с і м. 1. Иеленуші, иемденуші, қожа, қожайын. Оспанның үш әйелі үш қыстауға ие болатын (М.Әуезов, Ақын аға). Егерде затқа бірнешесі жапсырылып, бірақ қайсысы екені көрсетілмесе, яки бір айтылысқа бірнеше и е көрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар, не қыз табар», «Я мақсұт, яки өлім екіден бір» деген сықылды (М.Жұмабаев, Шығ.). Қыран бүркіт бір күні Алып қызыл түлкіні. Масаттанып қайтып ед, И е с і бастап әңгіме... Жиналған жұрттың бәріне Жыр ғып кешке айтып ед (М.Дулатов, Шығ.). 2. Меншіктенуші, бастық. Дүкен и е с і ұзын, арық сары адам екен (С.Шарипов, Шығ.). Шаруалар жер и е л е р і н е өз өнімдерінің едәуір бөлігін төлеуге мәжбүр болып отыр («Халық мұғ.»). Қанша айтқанмен, ол деген И е с і ғой ферманың. Жоғалғаны жөн бе екен? Ойламас па ел қамын? (А.Шамкенов, Сырларым.). Қырандардың ішінде өзінен бұрын бір құс барып аңға түссе, оған жармаспай-ақ шетке барып қонып, и е с і келгенше тәртіп сақтап отыра беретіндері де көп кездеседі. Бұл, әрине, дұрыс тәрбиенің жемісі (Ж.Бабалықұлы, Қырандар). 3. д і н и. Алла тағала, Құдай, Жаратушы, Тәңір. Білмейсің десе, желөкпе дейді, ол дағы Тәңір ісі. Біріненірі бөлек пе И е м н і ң әділ бендесі? (Абай, Тол. жин.). Уа, құдіреті күшті, иемі з! О, бүкіл ғаламды билеуші и е м Алла! Қайырымдылық пен жомарттық жаса! Кемшіліктерімізді бетімізге баспаиярат ырымдар). Алла тағалаға да жақсы адам керек. И е м і з д і ң салғанына көну қажет бәйбіше, деп басу айтып жатыр (С.Жүнісов, Өшп.іздер). Жаппар и е м жар болса, Кешікпей сені қуармын Еліме қоймай ішімненастандар). 4. с ө й л е у. Аруақ, періште. И е с і шамданса, адам ауруға шалдығадыл аузынан). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Пір, қолдаушы, жарылқаушы. Қазақтың ұғымында дүниедегі жандыансыз нәрсенің барлығын билейтін и е л е р і бар (М.Әуезов, Шығ.). Шешесі онда сөйлейді: «Көл и е с і Қамбар-ау, Жол и е с і Қамбар-ау, Қарағыма көз сал-ау, Рақым қылсаң, Құдай-ау Сенен өзге кім бар-ауыз Жібек).