Икемділік

lat: Ikemdilik

з а т е с і м. 1. Бір нәрсені орындауға ептілік, шеберлік, бейімділік пен қабілеттілік. Кейбір елеусіз қимылдарға, әдеп и к е м д і л і к т е р і н е тосаңдау болғанымен Күләшпен бірге оны да құттықтауымыз керек (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Ол кездегі халқы азғана Омбыға ат құлағында ойнайтын Шыңғыс танымал боп қалған, оның атқа орнықтылығына, и к е м д і л і г і н е ел қызыға қарайтын еді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Билік басындағылар, үкімет халықты сабырлыққа, төзімділікке шақырып, басқару әдістерінде ізденіске, и к е м д і л і к к е бой ұрып, түбегейлі шаралар қолдануға күш салды («Егемен Қазақстан»). 2. т е р м и н. Бір нәрсенің ортаға қарай немесе өзімен қатынасқа түсетін басқа нәрселерге қарай бейімделгіштігі, соның нәтижесіндегі түрлі формаға өзгеру байлығы; оралымдылығы. Етістіктер бірқалыпта қатып қалмай, жылысып, ауысып, меңгеретін сөзімен сабақтылық, салттық байланыста болу арқылы ерекше и к е м д і л і к қасиетке ие келедіазіргі қаз. тілі). Орыс әдебиеті мен дүниежүзілік әдебиеттің үлгілерінің қазақ тіліне аударылып, жарық көруі тіліміздің байлығын, и к е м д і л і г і н, бейнелеу, суреттеу мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдей түседі («Қаз. әдеб.»). Кенеттен туған жағдайды шешуге и к е м д і л і к, білгенін қайтадан қиналмай жаңғырту, осынысын баса ситуацияларда қолдану, құралдың көмегімен екі бөлікті амалды Шеше алу жануар интеллектісінің басты белгілері (ҚСэ). 3. п е д а г о г и к а л ы қ. п с и х о л о г и я л ы қ. Субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы арқылы ісрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. И к е м д і л і к жаттығу арқылы қалыптасады және ісрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сонымен қатар өзгерген жағдайларда да орындауға мүмкіндік жасайдыаз. тілі термин. Педагогика.). Жетіле, автоматтандырыла келе и к е м д і л і к дағдыға айналадыаз. тілі термин. Педагогика.). Икемділік білімнің амалға айналуы, сол амалды жүзеге асырудың тәсілі (ҚҰЭ). Бұл үйірмелерге әр пәндер бойынша и к е м д і л і г і бар оқушылар тартылған («Қазақст. мұғ.»). 4. э к о н о м и к а л ы қ. Ұсыным мен сұранымның сыртқы факторларға қарай үйлесу, өзгеру қабілеті. Сұранымның и к е м д і л і г і сұралатын тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасының өзгеруіне жауап ретінде олардың мөлшерінде болатын өзгерістің деңгейіаз. тілі термин. Экономика.). Ұсынымның и к е м д і л і г і ұсынылатын тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруіне жауап ретінде олардың мөлшерінде болатын өзгерістің деңгейіаз. тілі термин. Экономика.).