МЕЙРАМ

lat: MEIRAM

(пар. байрам بيرام) мереке, той.

Мейрамға шашу шашып, дүние беріп, Сыйлық пен әнғам берді барша жанға («Раушанбек». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық).

Патша мейрамға барады жиып жанды, Мәлік батыр бұларға қайран қалды («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Мейрамхана ресторан.