Жолаушы

lat: Jolaýshy

зат есім. <француз тілі. passager> 1. Белгілі бір мақсатпен сапар шегуші, жол жүруші адам. Екі ж о л а у ш ы қыр басындағы өткінші автобустан түсіп, киімінің шаңын қағып тұрды (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл). Қазақ халқының дәстүрлі ұғымындаж ол а у ш ы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір” делінеді (ҚҰЭ). Жаңағы от толқын жарықты сімірді ол, Қалдырмай бір тамшы. Лезде жолынан адасты, Әне бір әндеткен ж о л а у ш ы (Ә.Тәжібаев, Жартас). 2. Жүргінші. Ж о л а у ш ы жол үстінде тамаша еткен, Сықылды өткен жанның бір күмбезін (Абай, Тол. жин.). Бір ж о л а у ш ы алыс жерге барса, сол барған, көрген елін, жерін мақтап өтірікті сыбайтұғыны қалай? (Абай, Тол. жин.). Сайын далада ж о л а у ш ы ғ а жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті (ҚҰЭ). 3. этнографиялық. Көшпелілер қоғамындағы хабар жеткізуші адам. Көшпелілер қоғамында ж о л а у ш ы өз кезегінде кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған (ҚҰЭ). Ж о л а у ш ы н ы әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап, аттандыратындар да болған (ҚҰЭ). 4. этнографиялық. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қырықтың бірі қыдыр етіп қабылданатын жүргінші. “Қырықтың бірі қыдыр” деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс ж о л а у ш ы ғ а ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді, жолаушыны сыйламаса несіп, ырыздығына кесір тиеді деп сенген (ҚҰЭ). Ж о л а у ш ы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған (ҚҰЭ).