Жолбасшы

lat: Jolbasshy

зат есім. <француз тілі. guide> 1. Жолдың ой-қырын жақсы білетін, жол бастаушы. Жоқ, тағы бір жыл тұрып, толып, алты жасар ат болсын. Онан соң мен бір байдың керуеніне ж о л б а с ш ы болып кірермін (М.Жұмабаев, Шығ.). Алдыңғы түйеге мінген ж о л б а с ш ы көк жиекке оқтын-оқтын үңіле қарап қойып келе жатқан еді (М.Қаратаев, Далада.). 2. ауыспалы мағына. Алға бастаушы, жөн көрсетуші. Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге ж о л б а с ш ы болады (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Академик А. Жұбанов республикамыздағы бүкіл өнертану ғылымының ж о л б а с ш ы с ы болып отыр (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).