Жолбасшылық

lat: Jolbasshylyq

зат есім. 1. Жолбасшы болушылық, жол көрсетушілік. Ол қайтарында уақытша ж о л б а с ш ы л ы қ қызметке балықшы шал Тукамоны өздерімен бірге ала кетті (Т.Әбдіков, Күз). 2. ауыспалы мағына. Жөн көрсетушілік, жетекшілік. Бұл күнгі қазақ-қырғыз өміріне ондай ж о л б а с ш ы л ы қ керектің керегі (Ж.Аймауытов, Шығ.).