Жомарт

lat: Jomart

р. ын есім. 1. Қолы ашық, береген, мырза. Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес, кім надан? Қамқор емес, кім жауыз? Ж о м а р т емес, кім сараң? (М.Дулатов, Шығ.). Еркімен дулығасын ерлер тастап, Бір жуан бәйтерекке келсе бастап. Бай ж ом а р т, бәйбіше де сараң емес, Болыпты сый көрсетпек, қойнын ашпақ (М.Дулатов, Шығ.). Қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, ж о м а р т болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді (Абай, Тол. жин.). // Қолы ашық, мырза адам. Кедейлік қайда оңдырған. Ер жігіттің жолын байлап, ж о м а р т т ы ң қолына тұсау салған ғой (А.Әуезов, Бала Мұхтар). 2. ауыспалы мағына. Бай, кең. Қай халықтың фольклорын алсаңыз да, соның ішінде қазақ ауыз әдебиеті де, ежелден сөзге сараң, ойға ж о м а р т келетіні белгілі (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).