Иі

lat: Ii

е т і с т і к. 1. Малдың сауар, емізу алдындағы сүтінің емшек үрпіне жиналып келуі. Сексеуіл тиеп қалаға Күндіз қолы тимейді. Аш іңгеннен не шықсын. Арам қатқыр и і м е й д і (Б.Майлин, Шығ.) Биелердің көпшілігі саууға көндігіп қалған. Құлынның аузы емшегіне тиер-тиместен- ақ и і п сала береді (М.Хасенов, Тұлпар.). Енесін емген кезде желінін жеп қоя жаздайды. Сәл и і п қоймаса баспен келіп соғады. Нақ сол кезде енесі де аямайды (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Емірену, елжіреу, мейірлену. Жүрек балқыта и і г е н д е, ішкі сырды түйгенде, іздеп табар сұңқармын, Жарастықты шүйгенде (Абай, Тол. жин.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Бойындағы бар нәрін, қуатын беру, үйіп-төгу (табиғат жайында). Сол жылы жер де бойы жазылып, берекесі кіріп, и і п салған сияқты. Шөп ырқын (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.). Мынау жайқалған егін бойы и і г е н жердің мәйегі емес пе (Ердің даңқы). Табиғат бүгін и і п тұр, Алтынды нұрын құйып тұр. Алатау ару асқақтап, Төбесі көктен биік тұр (А.Асылбеков, Көкорай.).