Кәсіпорын

lat: Kásiporyn

з а т е с і м. 1. Тұрмысқа, шаруашылыққа қажетті түрлі бұйымдар, заттар шығаратын, өндіретін өндіріс орны. Қалиасқар нағашысы істейтін к ә с і п о р ы н ғ а жұмысқа кірді (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Оның ішінде Қазақстандағы Маңғыстау, солтүстіктегі мұнай к ә с і п о р ы н д а р ы жан­жақты қамтылған (Ә.Шәріпов, Алыс.). 2. э к о н о м и к а л ы қ. Қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістікаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқұғы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістікшаруашылық қызметі ұйымдастырудың негізгі нысаны. К ә с і п о р ы н заңнамада тыйым салынбаған және Кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады (ҚҰЭ). К ә с і п о р ы н өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді (ҚҰЭ). К ә с і п о р ы н мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқұғын иеленеді (ҚҰЭ).