Кедергі

lat: Kedergi

з а т е с і м. 1. Бөгет, тосқауыл. Таудан құлаған қалың мұз ақырын сырғып түскенде, жолындағы к е д е р г і н і ң бәрін қиратып, сыдырып әкетті (А.Машанов, Жер асты.). Бірақ алдында мықты к е д е р г і, тосқауыл тұрғанын жау аңғармады (Б.Жетпісбаев, Жорық.). Ол өз сөзінде Азамат соғысының осынау қиын-қыстау кезінде әлеуметтік міндеттерді орындауға к е д е р г і л е р д і ң көптігін айтты (Ш.Байбатшаев, Бел-белес.). 2. ә с к е р и. Бір нәрсенің бөгетсіз өтіп кетуіне, жау шабуылына кесір келтіретін құрылыс, жолға көлденеңінен қойылған з а т е с і м. Қоңырқұлжа мен Қарапұшық осы қақпаның қарсысына дереу құм салған қаптардан к е д е р г і істетіп, отыз карабин мылтықты солдатты сол қаптардың тасасына отырғыздырды (I.Есенберлин, Қаһар). Жаудың құрған к е д е р г і с і, жасаған тосқауылы ер жүректі ерлердің тегеурініне төтеп бере алмады (С.Мәуленов, Шыңда.). 3. с п о р т. Секіріп өту үшін спортшылардың жолына арнайы қойылған бөгесін з а т е с і м. К е д е р г і л е р әрбір 4–5 метр қашықтыққа қойылып, алғашқысынан кейінгілері 0,5–0,7 см аласара беруі керек (О. Жарылғапов, Волейбол.). Жаңадан үйренушілерге к е д е р г і л е р д і ң биіктігі 20–30 см-ден артық болмауы керек (Д.Керімбаев, Қазақст. жылқы.). Вера Корсакова 80 метрлік қашықтыққа к е д е р г і л е р арқылы жүгіруден дүниежүзінің рекордшысы атанды («Спорт»). 4. ф и з и к а л ы қ. Жылдамдықты (қозғалысты) тежейтін әртүрлі қарсы күш, физикалық дене. Бірақ біраз ауаның к е д е р г і с і дененің қуатын әлсіретіп, ақыры ол тоқтайды. Себебі, кедергі болмаса, дене өз инерциясымен бірқалыпты айнала берер еді (К.Әбдіғапаров, Қызық.физикалық.). Суда тұрып қолдарыңды серпіп көріңдер. Сендер судың к е д е р г і с і н сезінесіңдер ме? («Қазақст. мект.»). Авиация жолында жылу және дыбыс кедергісі тұрмады ма? Қазіргі авиация бұл к е д е р г і л е р д і әлдеқашан артқа қалдырды. Енді алда тұрған жарық кедергісі («Білім және еңбек»). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қиыншылық, қиындық, ауыртпалық. Кездескен кедергі лерді жеңеалмайбақытсыздыққа душар болған екенсің, мұғалімдердің кінәсі қанша? (А.Жұмаділдин, Сең). Алғашқы мұғалімдер көп к е д е р г і л е р д і, қиыншылықтарды басынан кешірді (Ш.Өтепов, Жалын). Әрине, курс ашу, медициналық сестралар даярлау айтқанға ғана оңай болғанмен, күтпеген к е д е р г і л е р г е кездесе берді (Е.Оразақов, Дәрігер.). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кесір, зиян, кесел; қырсық. Олардың бұларға ешбір к е д е р г і с і жоқ (О. Сәрсенбаев, Сағым). Тергеу кезінде колхоздың да қысыл-таяң шаруашылық жағдайына қарап, жұмысқа к е д е р г і с і н тигізбеу жағын ойлады (Қоғамдық тәртіп.). Бізге бір жансыз нәрсе зиян қылса, к е д е р г і болса, яки бір адам байқамай бізге кедергі жасаса, біз оған ашуланбаймыз. Қысқасы, ашу сезімі адамның екінші бір адамға қарсылығын оятады (М.Жұмабаев, Шығ.).