Кедергі

lat: Kedergi

з а т е с і м. ф и з и к а л ы қ. Әрбір өткізгіштің (заттың) электр өткізгіштігіне кері шамасы. Осының салдарынан екінші лампаның анодтық тогы да төмендейді және к е д е р г і г е түсетін кернеу де кемиді (К.Айманов, Физика.). Сымдардың біреуінің қызып, біреуінің қызбауы оның к е д е р г і с і н е байланысты. Кедергісі мол сым қатты қызады да, кедергісі шамалы сым мүлде қызбайтын болады (К.Әбдіғапаров, Қызық.физикалық.). Осының салдарынан заттың электр өткізгіштігі артады да, к е д е р г і с і кемиді («Халық мұғ.»).