Кезең

lat: Kezeń

з а т е с і м. <грек. periodos> 1. Кез, уақыт, мезгіл. Қазір шөп шабудың нағыз қауырт к е з е ң і (Н.Әбуталиев, Жаңар.). Мал қыстату қой шаруашылығында ең жауапты к е з е ң (М.Әмірғалин, Биязы жүн.). Егін еккен к е з е ң д е, Туыпты оны бір ана. Еділ деген өзенге, Жуыпты оны бір ана (К.Мұқашев, Күн тур.). Сәт, бір мезет келесі бір к е з е ң д е Мағаш Дәрмен өлеңінің жайын сөз етті (М.Әуезов, Абай жолы). Қолайлы к е з е ң і н күтіп отырған Бұғыбай осы арада сөзге араласты (С.Омаров, Өмір.). 2. т а р и х и. Тарихи дәуір, заман. Тәуелсіз Үнді қазіргі кезде өз тарихында ең бір қиын к е з е ң д і басынан өткізуде (Ә.Шәріпов, Қапаста.). Кейінірек колхоздастыру к е з е ң і басталып, ел арасында әртүрлі алып-қашты сөз гулейді (Ж.Жұмақанов, Екі жол). 3. Даму процесінің белгілі бір сатысы. Аурудың клиникалық сипаты жағынан үш к е з е ң г е бөлінетінін байқауға болады (С.Сыбанбаев, Мал қаны.). Жүзім өзінің өсіп, толысу к е з е ң і н і ң әрбір сатысында белгілі дәрежеде жылылық болуын тілейді (Б.Сланов, Жүзім.).