Кезең

lat: Kezeń

з а т е с і м. 1. Тау жотасындағы екі жағы түйетайлы болып келген аласа жер. Жәрмеңке жақтан бізге қарсы бір атты кісі к е з е ң н е н шыға келді (I.Жансүгіров, Шығ.). Хан тауына келгенде, Тұлпарлар қызып терледі. Үш бөлініп өрледі Үш жүз тұлпар бөлініп, Үш жерменен келеді. К е з е ң і н е н Шоқпардың Шуылдап келіп асады (Кзірбаев, Таңд.). Ауылдың жылқы, сиыры аралас ірі малын айдаған Ұзақ, Естай, Жолбарыстар көшті Күжібайдың к е з е ң і н д е тосып алмақ боп, озыңқырап кетті (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). Тау ішінде к е з е ң бар, Атанған «Жоңғар қақпасы». «Жентек» атты өзен бар, Басы қардың нақ қасы (С.Мұқанов, Замандас.). Күн таудан найза бойы көтерілгенде, Ақбілек алқынып бір к е з е ң г е шығып еді, бұдырмақ дала екен. Ауылына келгендей қуанып кетті (Ж.Аймауытов, Шығ.). Құр еңістен ат айдап жіберіңдер Ақ к е з е ң н і ң үстінде көмбе тұрсынатырлар жыры). Сенің аулың Қордайдың к е з е ң і н д е, Біздің ауыл Қопаның өзенінде, Мөртай-ай! Ауылың алыс кеткенде, сұлу Мөртай, Өшпейтін от жанады өзегімде, Мөртай-ай! (Кзірбаев, Таңд). Дөңес, биік; түйетайлы. Екі бала өзен ғып, От басындай жерді ойды. Екі жағын кезең ғып, «Су аспас» деп бір қойды (Ө.Тұрманжанов, Бозша торғай). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Асар асу, биік белес; қиындық, сыналар шақ. Абай аға, сол к е з е ң алдында тұр ғой Дәрменнің (М.Әуезов, Абай жолы). Алда үлкен к е з е ң тұр. Сынды к е з е ң тұр. Ауылды түбімен өзгертіп, жаңа өмірге көшіру міндеті тұр (X.Есенжанов, Көп жыл.). Жалын шашу үшін жану керек, жану үшін тұтану қажетістік Ал тұтану алдында биік-биік белес, үлкенлкен к е з е ң бар (Қ.Ұябаев, Қырда.).