Кейін

lat: Keıin

ү с т е у. 1. Соңғы кезде, бертінде. Жоқ, бұл бізге к е й і н қосылды (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Мен сені бұрын көрмеуші едім ғой бұл қаладан. К е й і н келгенсіңдер ғой тегі (Ә. Нұршайықов, Махабб.). К е й і н бұл үйлер балалар ауруханасына айналыпты (Е.Оразақов, Дәрігер.). 2. Соңынан, кейіннен. Нұрғанымның бұл ісі осы өңірдің барлық әйеліне к е й і н аңыз болған еді (М.Әуезов, Абай). Әдепкіде бәрін де тосырқап, балалармен үйренісе алмай жүрді. К е й і н көндігіп кетті (Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.). 3.Соңыра, тағы бірде. Жо-жоқ... Асықпа. К е й і н, Жәнібек Мәдидің қолынан ұстап кідіре берді (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Сен, Дәулет, бізге алаңдама. Жұмысыңды істей бер. Уақытың болса, к е й і н шығармыз (М.Сүндетов, Құмда.). Ол к е й і н бір сұрармын деп ойлады (А.Машанов, Жер асты.). 4. Арт; келешек, болашақ. Жұрттың өсегіне қалмайын деп ол үйлену тойын әдейі к е й і н г е қалдырып жүр (С.Омаров, Өмір.). «Артынан, артынан» деп ол ойдың бәрін кейі нге ысыра берді (Б. Нұржекеев, Күту.). Бәріміз де көз жасты к е й і н г е сақтаған сияқтымыз («Лен. жас»). 5. Артта, арт жақта. Ит-ау, өтірік қорқып, «атым шаба алмай келеді» деп к е й і н қалған жоқ па едің? (С.Сейфуллин, Шығ.). Зейнегүл к е й і н келе жатқандарға көз жіберді (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). 6. Артқа таман. Менен өзгелерің ке й і н тұрыңдар. Мылтық атылса, жазым боларсыңдар (Ә.Тәжібаев, Жартас). Сіздер к е й і н тұрыңыз, Барайын жалғыз мен деді. Атасы әйел демесең, Қарлыға қыз да ер едіатырлар жыры). 7.Артқа қарай, кері; қайта. Серікқали келесі күні бұларды да к е й і н қайтарды (Қ.Исабаев, Соңғы ерлік). Оқ таусылды. Амалы құрып, Жаңабай к е й і н қашты (С.Шарипов, Бекболат). Ол тепсініп қалғанда, Қазина шелекті шапшаң к е й і н тарта қойды (Қ.Қамбаров, Алтай.). 8. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Жаман, нашар, төмен. Біз мына жүн қабақ топографтан немесе анау әлгі күнде мас боп жүретін Шелестов пен Никитиннен к е й і н  б і з бе? (С.Бақбергенов, Қарға там.). 9. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кем, осал. Жақыптың мына сөзі Омарға шоқпардан к е й і н тимеді (Б.Майлин, Шығ.). Дарбазаның айбыны да содан бір к е й і н емес, жоғарыдағы сонау заңғар маңдайшаға шұрық, шұрық тесіктерге, діңгектей жұмырлап соққан алып босағаға, оның ішкі беттеріндегі көлденең сорайған дөңбектерге, қақ төбедегі түймедей салбыраған қола допқа еріксіз қарайсың, еріксіз бір айбын бойыңызды билейді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Найзаны тастай сала екі арыстан, Аттарын байлап тастап, енді алысқан. Бірінен-бірі к е й і н еместігін, Жүргенде алысумен аңғарысқан (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).