Кейін

lat: Keıin

ш ы л а у. 1. Бір істің, бір нәрсенің (біреудің) артынан, соңынан; соң. Шал кемпірге үйін көрсетіп жібергеннен к е й і н көп уақыт далада сандалып жүрді де қойды (К.Баялиев, Дегелек.). Қарияның қабағындағы кірбің осыны оқығаннан к е й і н тарады (М.Тиесов, Әңгім.). Орынбайдан к е й і н домбыра Ешниязға келді (А.Тоқмағамбетов, Жыр.) 2. Белгілі бір уақыт, мерзім өткен соң. Алдымен Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың, бір жылдан к е й і н Орта жүздің ханы Сәмекенің Россия патшасына бағынғанын мәлім етті (I.Есенберлин, Қаһар). Әжем бір аптадан к е й і н жүріп кетті (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Екі сағаттан кейі н бұлар ұзын белдің үстіне шықты (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.).