Кейінгі

lat: Keıingi

ү с т е у. 1. Бір нәрседен соңғы (содан соңғы), артқы. Оспанды Шолпанның сонау Тұрсынның қорасындағы өзі ән салғаннан к е й і н г і көріп отырғаны осы (А.Хангелдин, Қараторғай). Басының мұнан к е й і н г і әңгімесінің де дені қыздар туралы болды (А.Жақсыбаев, Менің дос.). Айна таздың басындай жалтыраған аспанның жұлығында, сайлаудан к е й і н г і азбандардай сұрқыл бұлттар сандырап жүр еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Бергі. Сыншылардың жас кадрлары бізге соғыстан к е й і н г і кезеңде жоғары дәрежелі оқу орындарынан келді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Олардың соғыс басталғаннан кейінгі тағдырлары маған белгісіз (Т.Жанұзақов, Азамат.). Соңғы оқиға, кейінгі іс. Жүгіріп келе жатып ұшып түстім. Бұдан к е й і н г і н і білмеймін (С.Бақбергенов, Қарға там.). Жаңа не дедің, к е й і н г і ң д і де білем дейсің бе? (Ш.Шалқаров, Серіккөл). Шертпедім шежіренің ең ірісін, Білсем де өткенін де к е й і н г і с і н. Дегендей: «Бар қауымға құшақ ашқан Кең пейіл – дарқан дала пейілдісің!» (Ө.Шалабаева, Тау бұлағы). 3. Соңғы, ақырғы. Әсіресе, к е й і н г і екеуі – Ысмағамбет пен Тәжен дегені топқа түсетін балуан (С.Сейфуллин, Шығ.). Қамқа – Қалдардың к е й і н г і әйелі, әрі жас, әрі сұлу (А.Хангелдин, Өткен күн.). Оған себеп болған апайымның к е й і н г і хаты болды (С.Бегалин, Уақыт.). 4. Соңғы, осы кездегі (уақыт). Иә, Зейнеп к е й і н г і кезде Абрекке көп қарайды (С.Омаров, Хантағы). Мұратбаев Ғани кейінгі уақытта жауапты қызметтерде істеуге талпынып келе жатқан еді (Ш.Өтепов, Ғани Мұратбаев). Адамбайдан хат келуші еді, к е й і н г і күндері үзіліп кетті (Д.Досжанов, Тұлпар.). Мен Жанқия апайды бұрын жақсы білмейтін болсам керек. Тек к е й і н г і жылдары ғана тани бастадым (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). 5. Арт, арт жақ; алдыңғы жақ емес. К е й і н г і жақтан тағы екі поезд келді (Ә. Нұрпейісов, Сергелдең). – Анау ит те қасқырдан кем емес екен, – деді қамшысының сабымен к е й і н г і жақты нұсқап (Т.Иманбеков, Үш ай.). Оның мызғымасын біле тұрса да, «Әлі де болса, ойланар, «тоқтаңдар!» деп қолын көтерер, айқайлар», – деп, к е й і н г і жақтан көздерін айырмайды (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). 6. Артқы, арт жақтағы, соңғы; алдыңғы емес. К е й і н г і жігіттер де айқайлап ұмтылып еді, бірақ адам өлгенін көрген соң қайта қашты (С.Шарипов, Бекболат). К е й і н г і мәшинеге Жаңыл, Шура, Самат тағы біреулер мініп жатты (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Сағадат пулемет стволын к е й і н г і екі танкке бұрды (Т.Тобағабылов, Жазира). // Кейінде келе жатқандар, артта қалғандар. – К е й і н г і л е р келгенше уақытымыз бар, көретін нелерің бар? (Ә.Әбішев, Ғаламат). Сосын алдыңғысы жүргенде оның ауанымен к е й і н г і л е р і де қозғалады (М.Жұмағұлов, Қыран.). – Сақтан деп Әбуоһап төсін құшты, Жалма - жан к е й і н г і л е р аттантүсті. Жүгіріп ер Бағыда барғанында, Етекке құламадан бір-ақ ұшты (И.Байзақов, Құралай.). 7. Қазіргі заманғы, соңғы кездегі (жас ұрпақ, буын). Тұрсынбай сөйлеп, Гаркушянді ке й і н г і жастарға үлгі етті (А.Жақсыбаев, Егес). Асылы, к е й і н г і ұрпақтар үшін біздің өткен күндеріміз үлкен мектеп қой (Б.Әбдіразақов, Серпіліс). Олардың ізін басып келе жатқан к е й і н г і буын фольклористерді де ілтипатпен атайды (К.Сейдеханов, Қаһарман.). // Артқы буын, жас ұрпақ. – Біз өлеміз. Бірақ, әйтеуір, дұрыстық үшін өлеміз. Сол жері жақсы. К е й і н гі лер айта жүреді ғой (С.Сейфуллин, Тар жол.). – Соғысты к е й і н г і л е р білмесе екен деме, білсін, бірақ көрмесе екен де! (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). Аға ұрпақ дәстүрін, К е й і н г і л е р жалға с ы н е с і м. Бар өмірін елінің Ертеңіне арнасын (Қ.Әміров, Қызыл.).