Кейінде

lat: Keıinde

е т і с т і к. 1. Соңғы жағында, артта қалу, ілгері озбау. Қазір кірем, деп к е й і н д е п, сыртта қала бердім (С.Мұратбеков, Жабайы.). Оны алдымдағы машина елер емес, бірқалыппен тартып барады, ал мен болсам к е й і н д е й бастадым (Е.Мырзахметов, Туған күн). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Өз қатарынан қалып қою, топқа ілесе алмау. Қазір дәл оқитын уақыты. Бұдан кейін д е с е, кешігеді, деп Сергей Шыңғысқа тілек ете сөйледі (С.Бегалин, Бала Шоқан). К е й і н д е п бара жатқан артель болса, қырағы, білгіш емшідей даруын тауып, айықтыруға шебер еді (Ғ.Сланов, Шалқар).