Кейіпкер

lat: Keıipker

з а т е с і м. ә д е б. <лат. persona> Көркем шығармада сипатталатын оқиғаға қатысушы адам, қаһарман, іс-әрекет иесі. Бір шығармадағы бар к е й і п к е р д і ң бейнесі түгел өз орнында болып шығуы өте қиын (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кетістік). Повестің к е й і п к е р і Андрей Соколов арқылы Шолохов бүкіл Отан соғысының басталуынан ақырына дейін айқын суреттеп береді (С.Мәуленов, Жер нәрі). Мұхтар Әуезов сынды үлкен таланттың к е й і п к е р і н сахнаға шығару Әйкенге оңайға түскен жоқ («ҚазақCт. әйелдері»). Негізді к е й і п к е р д і ң белгілі тұтынған жолы, көздеген мақсаты, арманы болады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Мұндай к е й і п к е р д е үйірлік сезімі кем болады, яғни бойкүйезденіп, именіп, тайсалып, бұйығы тұрады, мұндай қорғаншақтығы, әсіресе бөгде нәрсе жолыққанда анық байқалады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Мінездің белгілі бір түріне кейіп беретін адамдарды к е й і п к е р дейміз (А.Байтұрсынов, Шығ.).