Келін

lat: Kelin

з а т е с і м. 1. Ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туған-туысқандар үшін інісінің әйелі. К е л і н мен ене арасында әкетіп бара жатқан соншалықты бір ештеңе де жоқ сияқты көрінеді маған (С.Шаймерденов, Сыбызғы.). Айтқан ақылды ала қоймады деп, Айша к е л і н і н е ыза болып отыр еді (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Әнеки, сіздің бойжеткен қыздарыңыз бен к е л і н д е р і ң і з кетіп барады. Үстерінде көздің жауын алатындай әдемі гүлді көйлек (С.Байжанов, Сыр.). 2. Жаңадан тұрмысқа шыққан әйел, келіншек. Шұға киген қыз есімің Өзгеріліп, жар- жар-ай. Жаулық түсіп басыңа, К е л і н болдың, жарар-ай (Үш ғасыр.). Біреудің ерке қызы болып өстім де, к е л і н боп түскен бойда енемізді билеп кеттім білем (К. Баялиев, Дегелек.).