Келісім

lat: Kelisim

е т і с т і к. 1. Сөз байласу, уәделесу, келісу. Кешегі к е л і с і м бойынша, бүгін Досжанды егіс басына алып шықпақ болатын (А. Байтанаев, Жаңғыр.). Аяш пен Кенжебектің ендігі әңгімелері ата-ана к е л і с і м і жайлы болатын (А.Жангелдин, Табыс.). Үй ішінің к е л і с і м і бойынша, ауылға әкем, інім үшеуміз жүріп кететін болдық (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). 2. р е с м и. Келіссөз, шарт, бітім. К е л і с і м д е р ауызша немесе жазбаша формада жасалуы мүмкін («Лен. жас»). 3. Үйлесім, ұнасым, жарасым. Аңшылықты Оңғардың әдемі ән, тәтті күйге теңегені менің де көкейімде к е л і с і м тауып отыр (А. Сейдімбеков, Ақиық).