Келісімді

lat: Kelisimdi

с ы н е с і м. 1. Келісіп қойған, кесімді, келісілген. Совхозда тұрмыс көңілді болады, к е л і с і м д і айлығы, еңбекақысы бар (С.Омаров, Хантағы). Жігітіміз жараса, қыз бен құда жағымыз к е л і с і м д і көрінеді (С.Бегалин, Уақыт.). Келісімді мерзім біткен кезде жауап аласыңдар, дейді шабармандар (Ә.Әлімжанов, Махамбетістік). 2. Әдемі, үйлесімді, ұнамды. К е л і с і м д і тәтті ой, әр шеберлік Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік. Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай, Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік? Аққұба, сымбатты, қаз мойын, ботагөз сұлу жан екен. Киген киімдері де к е л і с і м д і (I.Есенберлин, Ғашықтар). Әр ата бір адамның айтсам затын, Сөзімді к е л і с і м д і жұрт тыңда с ы н е с і м. Жантөбет өзі қажы, өзі молда, Бақ қонған тірлігінде Ілиясым (Айтыс).