Кеме

lat: Keme

з а т е с і м. Өзен, көл, теңіздерде жүретін су жолының қатынас құралы. Түн бойы ұйықтамады бір де мызғып, Су сарылдап құйылды к е м е н і ырғап. Отыз құлы таусылды табанынан, Су төгіп таң атқанша ол сарпылдап (Абай, Тол. жин.). Теңіздерде к е м е м е н саяхат жасағанда салқын лептің үнемі соғып, денені сергітіп тұратындығы судың әсерінен болады (Ж.Жатқанбаев, Су.). Отрядты Москвадан Бакуге, одан Каспий арқылы к е м е г е тиеп, одан Қарақұмды түйемен кесіп өтіп, осында жеткізгенін айтты (М.Жұмағұлов, Қыран.).