Жоспарлау

lat: Josparlaý

Жоспарла етістігінің қимыл атауы. 1. Алдын ала жобалау, белгілеу. Колхозда еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың басты принциптерінің бірі шаруашылықты дұрыс ж о с п а р л а у (К.Шайбеков, Колхозда.). Рахима елеңдей жүріп, түстен кейін төртінші кластың шәкірттеріне төрт сағат бойына не оқытатынын байқап, ж о с п а р л а у ғ а кірісті (А.Байтанаев, Қансонар). 2. экономикалық. Нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы ісаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі ж о с п а рл а у өндірісішілік, фирмаішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі ж о сп а р л а у қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады (ҚҰЭ).