Кемпірқосақ

lat: Kempirqosaq

з а т е с і м. Аспанда жаңбырдан кейін пайда болатын доға тәріздес әр түсті жолақ. Күн бұлт арасынан жайдары жымияды. Бір кезде кенересі сөгілген көк жиектен әдемі к е м п і р қ о с а қ шыға келді (А. Нысаналин, Алыста.). К е м п і р қ о с а қ т ы бақыласаң, түрлі түстердің қалай реттеліп қосылып тұрғанын зерттесек, тағы да сондай белгілерін қарастырсақ, онда біз құбылысты жай ғана бақылап зерттеген боламыз (Ж.Аймауытов, Шығ.). Анда-санда дүркіреп келіп, өткінші жаңбыр бүркіп өтеді. Соның артынша аспан шайдай ашылып, қызыл-жасыл к е м п і р қ о с а қ орақша иіліп, сәндене құбылатыны бар (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).