Кемшіліксіз

lat: Kemshiliksiz

с ы н е с і м. 1. Кем-кетіксіз, қателіксіз. Оның жарасы жеңіл ғой. Болмайды к е м ш і л і к с і з ешбір халық, Бәрінен кейін қалған қазақ анық. Басқа жұрт біз секілді жалқау емес, Ғылыммен қараңғыны етер жарық (М.Дулатов, Шығ.). Көбінің жазғандарының бәрі бірдей түп-түгел мән жағынан болсын, түр жағынан болсын к е м ш і л і к с і з деп айта алмаймын (С.Сейфуллин, Шығ.). Дөңгелеткен, Өңгелеткен Түк білімсіз күш пе екен? Тіпті мінсіз, К е м ш і л і к с і з Есті қылған іс пе екен? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 2. Тапшылықсыз. Әке-шешесінен жасынан жетім қалса да, к е м ш і л і к с і з өсіп еді (X.Есенжанов, Ақ Жайық).