АЙТЫС

lat: AITYS

қазақ және қырғыз, қарақалпақ халықтарында ежелдең қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдыңда қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс өмірдегі әлеуметтік тартыстар мен адам қатынастарына негізделгең желіге құрылып, кезектесе айтылатын қисынды, дәлелді, ұтқыр өлең. Оған көбіне жүйрік, ақпа-төкпе, суырып салма ақындар қатысады. Олар екеуара немесе әлдеңешеу болып та айтысуы мүмкін. Қарсылас екі ақын импровизаторлық тәсілмен табан аузында өлеңмен сайысып, бір-бірін сөзбен жығуға тырысады. Қайсысы тапқырлық пен бұлтартпас уәж танытса, сол жеңіске жетеді. Айтыс әркез шаршы топ алдыңда өткізілгең. Оның төрешісі тыңдаушылар, көпшілік қауым. Көптің, халықтың сынына тусу ақынның, қаншалықты тапқыр, жүйрік екеңдігін айқындап, шынайы дарын иесінің шабытына қуат беріп, шеберлігін шыңдап, ширықтырып отырған. Айтыс қазақ өмірінде өнер мектебі болған. Айтыс негізінен екі түрлі әдеп-салт айтысы және ақындар айтысы. Мазмұнына байланысты тағы да екеу: бірінші түре айтыс, екінші сүре айтыс. Мұның алғашқысында айтысу- шылар бірін-бірі түре қуалап, қысқаша жауап қатады. Ал екіншісінде олар кеңінен көсіліп, түйдек-түйдек ойлар айтады, ұзаңқа сілтейді. Бұлардың сайысы өткір әлеуметтік, қоғамдық мәнге ие болады. Өмір шындығы, жетістік-кемшіліктер ашық айтылады. Жеңу, жеңілу де қисынды, аталы сөз түйініне келіп тіреледі. Өткен заманда өмір сүрген Жанақ, Сүйінбай, Шөже, Түбек, Кемпірбай тәрізді айтыс өкілдерінің өнерін Жамбыл, Нүрпейіс, Шашубай, Иса, Доскей, Орынбай, Нартай, Кенен секілді халық ақындары жалғастырды. Бүгінде айтыс дәстүрі одан әрі өрістей түсуде. Айтыс көбінесе домбырамен, сырнаймен және соған қосылып айтқан ақынның әуен, мақамымен орындалады. Қазақ әдебиетінде жазба айтыстар да болған. Бұған жаза-сыза білетін сауатты ақындар қатысып отырған. Айталық, Кете Жүсіп пен Қаңлы Жүсіптің, Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омарының айтыстары... Қазақ айтыс өнерінің үздік үлгісі «Біржан Сара» айтысы. Бұл айтыс өзінің көркемдік ерекшелігімен, биік әлеуметтік сипатымен дараланады. Қазіргі айтыстарда заман өзгерісі, қоғамда болып жатқан жаңалықтар, халық өмірінің соны әлеуметтік сипаты сөз болып келеді. Сондай-ақ бейбітшілік, гуманизм, эқология мәселелері қозғалады. Мұның өзі айтыс өрісінің, кеңейгенін, бұрынғыдан гөрі қанатын кең жайғанын көрсетеді. Бүгінгі өткізіліп жүрген айтыстарға тек өз республикамыздың ғана емес, шетел қазақтары да қатысып, өнер көрсетіп келеді. Сөйтіп, халықаралық, жалпы адамзаттың проблемалар алға тартылады. Мұның өзі айтыстың уақыт өткен сайын жаңаша дамитынына айғақ. Бекниязов Т.