БАҚСЫ

lat: BAQSY

(ежелгі түркі тілінің бақ, яғни көру, қарау) сөзінен шыққан. Бақ ежелгі түркі сөзі, қазақ тілінде «бақылау», «кесел бағу» яғни емдеу т. б. сөздерінде сақталған. Бақсы ол өзі емші, сәуегей, көз байлаушы, дәнекерші және фольклор үлгілерін сақтап таратушы ежелгі өкілдерінің бірі. Бақсы типтес адамдар жер бетіндегі көптеген халықтарда бар, олардық әсіресе түркі монғол халықтарының өмірінде алар орны ерекше. Мысалы, қырғыздарда (бакшы), Саха (ойууы), тува, алтай, хақастарда (қам), монғол, буряттарда (бөө), ұйғыр, турікмендерде (бахшы) т. б. болып кете береді. «Бақсы» атауынын түп-төркіні санскриттегі (бхик шу» (ұстаз, білімдар) сөзіне барып тіреледі деген пікір де (Е. Тұрсынов) көңіл аударарлық. Бірақ бұл атаулардың тарихи-этимологиялық тамыры бір және олардың атқаратын қызметтері мен міндеттері бірдей деген сөз смсс. Түрікмен, қарақалпақ халқында жыршы, дастаншы болса, қазақ, қырғыз, т. б. халықтарда емші, сәуегей, тәуіп, көз байлаушы қызметін атқарады. Ал өзбектерде бұл термин халық жыршысы, сонымен қатар емші, тәуіп мағынасында айтылады. Соған қарамай-ақ олардың қызметтері мен міндеттерінде ұқсастың та жоқ емес. Қазақтар т. б. кейбір түркі халықтары Бақсыны «шаман» деп те атаған, оның себебі бақсы типінің аренаға шығуы тәңірлік сеңім, яғни шамандық діннің пайда болу кезеңімен қатар бол- ғандығынан. Сондықтан кейде бақсыны, яғни шаманды шаман дінін оқытушы деп те атайды. Бақсылардың киім киісі де ерекше болған. Бір халықтарда бақсының киімі бұғынын, бейнесін елестетсе, еңді біреулерінде құс бейнесін елестеткен... Түрлі тағылған темірлер мен кестелері бар ырыми «алабажақ» киімін кигеңде Бақсы сол мезетте-ақ өз табиғатын өзгертіп, құбылып «жын» немесе «жын қуушы» болып шыға келетін. Бақсы өзінің қызметі мен міндеттерін орындау кезінде түрлі магиялық әуенін қобыз, домбыра, ата таяқ т. б. музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындаған. Онда Бақсылар сөзін, әуенін кейде өзі шығарса, кейде Халық поэзиясын, ән-күйін кеңінен пайдаланған. Бақсылардың ең басты міндеттерінің бірі ауру адамды емдеу болып табылады. Бұның өзі бақсылықтың пайда болуы, оның емшілік функциясымен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Емдеу барысында кесірлі жындар мен адамдар арасында және де дәнекерші қызметін қоса атқарады. Ол ауру кісілерге қонған кесірлі жындарды қуып, ем қылады. Бақсы ауру адамды емдегенде жай адамның қолыан келмейтін (оттың шоғьш жалаң аяқ басу, қысқашты отқа қыздырып жалау, шаңыраққа жүгіріп шығу, әр түрлі құс болып сайрау, аңдардың кейпіне кіру т. б.) істерді істеуге қабілеті барлығын байқатады. Бұл бақсылардың көз байлаушылық смдеу әдістері екендігіне күмән жоқ. Алдын-ала болжай білетін сәугейші де болған. Осының бәрі жинала келіп, оған бақсы сарынында кездесетін әуен, халық поэзиясын, ән-күйді қоссақ, оның көне фольклор үлгілерін сақтап таратушы ежелгі өкілдерінің бірі екенін көреміз. Бақсылар, олардың күш-кұдіреті, керемет істері туралы аңыздар ел ішінде кең таралып, қазақ аңыздарынын, дербес тақырыптың саласына айналған, кей ретте көркем әдебиет шығармаларына да өзек болған. (Мысалы, Мағжанның «Қойлыбайдың қобызы» атты дастаны бар). Қазақ бақсылар туралы әр кезде Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Қ. Жұбанов, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Ә. Марғұлан, Е. Тұрсынов т. б. ғалым-зерттеушілер пікір айтқан. Шаңбаев Т.