ӘПСАНА

lat: ÁPSANA

(паре, афсане сөзінің екі түрлі мағынасы бар, бірі ертегі, ғажайып оқиғалы әңгіме, екіншісі сұлу, керемет)парсы-тәжік фольклорының жанры. Парсы тілдес халықтарда бұл сөз «ертегі» жанрының айқындамасы ретінде қолданылады. Арабтың мәшһүр энциклопедияшы-ғалымы Әбу әл-Хасан Мацуди (600656 ж. ж.) ежелгі ирандықтардың «Хезар у як афсане», яғни «Мың ертегі» деген кітабы болғанын айтады (зерттеушілердің пайымдауынша, бұл атақты «Мың бір түнге» негіз болған жинақ). Ә.-парсы әдебиетінің ықпалымен түркі тілдерінде де орныққан сөз. Өзбек, ұйғыр әдебиетінде ә. термині аңыз, тарихи аңыз деген ұғымды білдіреді. (Мысалы, Шаһ Баһрам, Ләйлі-Мәжнүн, Фархат-Шырын хақындағы әпсаналар). Ә. сөзі парсы әдебиетінің үлгілерін жақсы білгең қазақ шайырлары үшін де таңсық болмағаны байқалады. Мәселен, Сыр бойында өмір кешкен Қақлы Жүсіп: «Бейпарық сөз жазыпсың»,десем тағы, Ағаның күңгірт көңілі болады дақ. Үшбу жыл декабрьдің он бесінде Кез болым әпсанаңа ахуалы шақ,деп жазды. Күмісбаев Ө.