МАЗМҰН

lat: MAZMUN

Әдеби шығарманы талдағанда, оның мазмұны мен түрі деп, ішкі сипат-қасиетін және сыртқы кө рінісін бөліп қараймыз. Сонда мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шын дығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Әдетте шығармадағы мазмұн көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы делінеді. Былай деуге, әрине, негіз бар. Алайда мазмұн деп сурет телген өмір құбылыстарын айту қисынды болмас еді. Өйткені шығарманың мазмұны баяндалған көрсетілген уақиға, жағдай, өмірлік құбылыстардың тікелей өзі емес, соның көркемдік көрінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті.. Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы, көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосыла ды. Шығарманың көркемдік тұлға-пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан бітіретін, өң-нұр беретін идеялық мазмұн, мағынажазушының биік қоғамдық мақсаттары, идеалдары. Мазмұн мен көркем түр тығыз байланысты, шығарамада не айтылғанын бір талай тұстарда оқушы ой-сезімнің қалай жеткізіліп, уақиғаның, жағдайдың қалай айтылғаны, қандай тәсілдер, қандай көркемдік құралдармен бейнеленгеніне сәйкес сезініп, қабылдап түсінеді. Әдеби туындыңың көркем түрін оның мазмұн-мағынасынан бөліп қарауға еш болмайды. Шығарманың көркемдік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланысты. Ахметов З.