ОРЫНДАУШЫ

lat: ORYNDAÝSHY

өлең-жырды, дастанды, әдеби шығарманы айтушы, таратушы, яғни жыршы, өлеңші, әнші, термеші, ертегіші секілді ұғымдардың жиынтық атауы. Әнге салып не термелеп айтылатын шығармалар аспаптың сүйемелімен (домбыра т.б.) орындалады. Сонымен бірге орындаушылық өнерде дауыстың, дене және бет-қимылдарының орны үлкен. Бізге жеткен ауыз әдебиеті нұсқаларының көркемдік күш-қуаты тікелей орындаушылық қабілетіне байланысты. Сондықтан ғылымда орындаушы тұлғасына зор мән беріледі. Фольклорлық текстердің паспортында айтушы, орындаушы туралы толық мәлімет болуы керек: аты-жөні, жалпы туған жері, жылы, білімі, кәсібі, қашан, кімнен үйренгені т.б. Абылқасымов Б.