ТҰЙЫҚ

lat: TUIYQ

Классикалық түркі тілдес поэзиядағы өлең өрнегі. Аруздың «ромал-и-мусаддас максур» дейтін өлшемімен жазылған. Ұйқасы ааба, кейде аааа, аракідік абсб. Тұйық түркітілдес халықтардың фольклорінде бар. Алғашқы тұйық формасында жазылған өлеңді бізге Бурханеддин Сиваси (148) жеткізді. Әлішер Науаидың 15-ғасырда жазған «Өлшемдер салмағы» деп аталатын еңбегінде тұйық жайына тоқталады. Лутфи, Бабур, Науаи поэзиясында тұйық формасының көркемдік жағынан жетілгендігі байқалады. Өзбек поэзиясында омонимдік ұйқасы бар және редифі қайталанып келетін төрт тармақ жолды өлеңді тұйық дейді. Қазіргі түркі халықтарында түйықты, мысалы, әзірбайжандар баяты, түрікмендер ляля, түріктер мани дейді. Өзбек шайыры Мәулен Мухамед Ахли (15 ғ.) тұйық үлгімен екі поэмажазған. Соның бірі «Ерік берілген сыйқыр» деп аталатын дастанынан бір қысқа үзінді келтіре кетелік: Соки, щаз алтофи тумай дар к а ф а с т, В-аз тафи дил Дичлай х в а йдар к а ф а с т. Мебарад оби дили решаих у м о р, Мархами решай шавупешамхумор Медахад ин гамзадакомаш шароб Май хама хаири тануномаш шароб. Осындағы қос ұйқастар көзге түседі, Қараңыз: хумор (бас жазу), ал екінші мағынасы хум ор, яғни «көзіні әкел», шароб (шарап), ол шар ) об болса, «жынды су» болып шығады. Күмісбаев Ө.