Жу

lat:

етістік. 1. Бір заттың кірін сумен шайып кетіру, тазарту. Киім кірі ж у с а кетеді, көңіл кірі айтса кетедіақал). Жұмыстан қолы бос кезінде ол ауқатты адамдардың кірлерін ж у ад ы, үйлерін ақтайды (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.) Қолыңды ж у а кел, шырағым, деп шалдың бәйбішесі шәйнек ұсынды (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Күлзила көсіле отырып, ыңылдап әндетіп ыдыс-аяқ ж у ы п жатқан (М.Жүсіпов, Бір әйел.). 2. этнографиялық. Өлген адамның денесін жерлеу алдында жуу. Әзімбай марқұмның денесін ж у ы п болдық, енді молданы шақырыңдар, деді Әли (Ш.Байбатшаев, Бел-белес.). 3. ауыспалы мағына. Жаңадан сатып алған затты немесе қуанышты хабарды, жақсылықты атап өту. Ей, мына жеңгей жаңа шелегін қалай ғана ж у м а с екен, құтты шелек, болмайды онда десіп даурығады кеп (Д.Досжанов, Тұлпар.). Жұмыс орны мен жаңа пәтерді ж у а м ы з деген сылтаумен Тәлім Гүлбану мен Елдосты шақырып қойған еді (А.Байтанаев, Қансонар).