Жұдырықтай

lat: Judyryqtaı

сын есім. 1. Кіп-кішкентай, құрттай. Ақ күшік ж ұ д ы р ы қ т а й басын көтеріп, құйрығын бұлғақтатып тұр (М.Сүндетов, Ескексіз.). 2. Үп-үлкен, тоқпақтай. Көзімді былшық басқан ба деп ойлаған Асқар, ашайын деген ниетпен қолын тигізсе жып-жылтыр, ж ұ д ы р ы қ т а й ісік екен (С.Мұқанов, Ботагөз). Алып көрсем ж ұ д ы р ы қ т а й шақпақ қант екен. Есік жаққа жалт етіп бір қарадым да көріп тұрған ешкім болмаған соң қантты қалтаға тығып жібердім. Осы кезде жеңгемнің шаңқылдаған даусы естіліп жатты (М.Дүйсенов, Ант).