Тас

lat: TAS

з а т. 1. Таудың қатты жынысы, соның үлкендікішілі бөлшектері.

Асқар Орал кәрі алып, күзет тұрған, Күн мен түн арасында «Қытай қорған». Денесі тас, қарағай қою мұрты, Оң мен Солтүстікке ол мұртын бұрған (М.Жұмабаев, Шығ.). Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға (Абай, Тол. жин.).

Тастан жасалған.

Ықсан оның су қараңғы екенін енді ғана аңдады; кісіге назар салмай, тас мүсіндей бір бағытқа қарап қалыпты; тың тыңдап та тұрған тәрізді (М.Сүндетов, Ескексіз.).

2. Зергерлік бұйымдарға салынатын, орнатылатын бағалы асыл тастар.

Сақинасының тасы  түсіп қалыптыуызекі).

Адам ағзасында (бүйрек, өт, бауыр т.б.) зат алмасудың бұзылуынан пайда болатын түйір зат. Тас жалғыз бүйректе емес, өт қабында да, бауырда да, қуықта да кездеседі (Е.Оразақов, Қайта соқ.).

3. а у ы с. Ауыр, зілдей.

Дем шығармай, салса да тас салмағын, Қары түгіл ауыртады бармағын. Отбасына тастады да, дөңбекке Сыздық батыр жапты қара қапталын (М.Жұмабаев, Шығ.).

5. а у ы с. Қатыгез, қатал.

Тас тағдыр салып уын, Дайынақ қитығуға: Дерексіз сабылуым, Жетердей титығы ма Ұлы мақсатқа талпынды, биік нысана көздеді. Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, «талаптың мініп тұлпарын тас қияға өрледің» Бір ғылым еді іңкәрің Әр қиынға сермедің (М.Әлімбаев, Ту тіккен).

6. а у ы с. Тастай суық, мұздай.

Өзеннің суы тас екенуызекі).

7. а у ы с. Тастай қатты.

Құбыжық бастың қайда қарап тұрғаны белгісіз? Бақырайған көздерін, бүлкілдеген қатпарлы жемсауын, мүйіз жалын, ақырында адам саусағына ұқсаған тас бұжыр аяқтарын көрді (Т.Әбдіков, Күзгі жапырақ).