Тәкаппар

lat: TÁKAPPAR

с ы н. Өркөкірек, менмен, паң.

Дүниелікке көңілі тоқ, Ағайынға бауырмал. Тәкәппар, жалған онда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің бал (Абай, Тол. жин.).

Елде көп бұл бидайдай адам деді, Тәкаппар оны халық жаман, деді. Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам, деді (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Өзін басқадан артық көріп, кеудесін көтеріп, жағымсыз қылық көрсететін адам.

Тәкаппар болу ақымақтықтың белгісі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).